/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2019 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ-ШІЛДЕ АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТАРЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 03.06.19, 28.05.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" 
(Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген 
акциялардың ішінен 2019 жылдың маусым-шілде айларына өтімділігі 
бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және 
депозитарлық жазылымдардың тізімдерін қалыптастырды.

Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 
2019 жылдың 27 мамырындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, 
аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің 
жұмыс регламенті" және "Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын 
мәмілелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы 
құралдарын енгізу тәртібі" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын 
қолдану үшін қалыптастырылды.

Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 
2019 жылдың 01 маусымынан 31 шілдесіне дейін қолданыста болады 
(бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі 
тәртібімен берілген):

1) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "стандарт" санаты, KZTO) жай акциялары;

2) "Қазақтелеком" АҚ (KZ0009093241 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "премиум" санаты,  KZTK) жай акциялары;

3) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары;

4) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі сауда-
   саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары;

5) "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C00000959 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары;

6) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ0007786572 (KASE негізгі сауда-саттық 
   алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акциялары;

7) "Кселл" АҚ KZ1C00000876, (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары;

8) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KASE 
   негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары;

9) "Газпром" БАҚ RU0007661625 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,  
   "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары;

10) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі сауда-саттық 
    алаңы, "стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары.

11) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
    "премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары:

12) NOSTRUM OIL & GAS PLC GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық 
    алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM)  жай акциялары.

13) "Аэрофлот - российские авиалинии" ӨАҚ RU0009062285 (KASE негізгі 
    сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_AFLT)  жай акциялары;

14) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE негізгі сауда-
    саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары;

15) Freedom Holding Corp  US3563901046 (KASE балама сауда-саттық 
    алаңы, сектор "акции", US_FRHC) жай акциялары.

2019 жылдың сәуір-мамыр айларына өтімділігі бірінші кластарындағы 
акциялардың және депозитарлық жазылымның қалыптастырылған 
қолданыстағы тізімінен салыстырғанда аталмыш тізімге US3563901046 
(US_FRHC) Freedom Holding Corp. жай акциялары енгізілді.

Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада 
 жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі, 
 өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-
 саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 15:00-ден 17:00-ге 
 дейін өткізіледі.

Акциялармен сауда-саттық үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, 
егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы 
мәміленің бағасынан 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату 
өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау 
тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі 
қолданылады).

2019 жылдың сәуір-мамыр айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші 
және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық 
жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_apr_may.pdf жарияланады.

Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша 
жарияланған.

Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті 
http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша 
жарияланған.

Қаржы құралдарын Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер 
бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын 
енгізу тәртібі http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.

[2019-06-03]