"Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
/KASE, 10.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясының 2019 жылдың 07 маусымында  "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-
Сұлтан)  KZ2C00005932 (1 000 теңге, 120,0 млрд теңге; 7 жыл, 
жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360)  облигациялары KASE 
балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг 
процедурасынан өтті.

Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды 
орындағаннан кейін күшіне енеді.

Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны 
туралы қосымша хабарланады.

"Қазақтелеком" АҚ облигациялардың қаржылық кеңесшісі және 
андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ 
(Алматы) болып табылады.

Аталмыш акцияларға тиісінше KZTKb4 қысқартылған белгілері (сауда-
саттық кодтары) берілді.

Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік 
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң  KASE интернет-сайтында 
жарияланады.



[2019-06-10]