12 маусымнан бастап "Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 12.06.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 20 наурызындағы 
шешімімен "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00005932 (1 000 тенге, 
120,0 млрд тенге; 7 лет, жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360)  
облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының 
"облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 01  сәуірінен бастап, 
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 
қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына 
байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы 
туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға қысқарған белгі (сауда-саттық коды) KZTKb4 
берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE 
интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/KZTK/ мекен-
жайында жарияланады.

[2019-06-12]