/ҚАЙТАЛАУ/ KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫ АРНАСЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР МЕН АҚПАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫРДЫ
/KASE, 14.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – 
@KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында бағалы 
қағаздар нарығы туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды.

АРНА ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ енді мемлекеттік және корпоративтік нарыұта 
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетіні туралы, олардың нәтижесі 
туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген валюталардың 
кросс бағамы туралы хабарлама алып отыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ 
арнаны қолданушы Қазақстан қор биржасында саудаланатын қаржы 
құралының белгілі бір бағасын беру және оның нәтижесі туралы ақпарат алу 
мүмкіндігін беретін қызмет қосылған.

Ақпараттық арнаға @KASEInfoBot  жазылған қолданушы Қазақстан қор 
биржасындағы сауда-саттық барысы туралы ыңғайлы әрі ықшам форматта 
жедел ақпарат алып отырады.

KASE барлық ниет білдірушілерді @KASEInfoBot. ақпараттық арнасына 
қосылуға шақырады.

* * *

Қазақстан қор биржасы арнасына қосылу үшін Telegram жазбасында 
@KASEInfoBot  енгізу қажет, одан кейін "Start Bot" түймесін басады.

Қолданушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін арнайы құылған қолдау 
тобында https://t.me/kasebotsupport. мекен-жайында қалдыра алады.

Telegram-ды IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket – тен еркін көшіруге 
болады. Telegram ресми интернет-сайтында бағдарламаның үстелдегі 
нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік 
бар.

[2019-06-14]