"First Heartland Jýsan Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 10.07.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C33820016 жай акцияларының жалпы саны 697 500 000 
  дана, KZ1P33820112 артықшылықты акциялар саны – 2 500 000 дана;

- банктің 121 181 706 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары 
  орналастырылған;

- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі 
  санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Securitiesl" АҚ болып табылады, 
  оның меншігінде 123 107 748 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы 
  санынан 99,54%) соның ішінде банктің 120 991 875 жай акциясы (банктің 
  орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,84%) және 2 115 873 
  артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы 
  санынан 84,63%) бар.

[2019-07-10]