"Әскер Мұнай Эксплорэйшн" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 12.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Әскер Мұнай Эксплорэйшн" АҚ ("Әскер Мұнай Эксплорэйшн" АҚ, бұдан әрі 
– компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 
жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C60760010 жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 
  дана;

- компанияның 23 387 466 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға PETROLEUM PARTNERS B.V.  болып табылады.

[2019-07-12]