"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 12.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ 
(Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың 
тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді 
көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C52060015 жай акцияларының жалпы саны 4 000 000 
  дана, KZ1P52060111 артықшылықты акциялар саны – 1 000 000 дана;

- компанияның барлық жай акциялары және 4 000 000 артықшылықты акциялары 
  орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады.

[2019-07-12]