17 шілдеде Қазақстан қор биржасында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 20,0 млн KZ2C00004133 (JSBNb1) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 12.06.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде 2019 жылдың 17шілдесінде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 
АҚ KZ2C00004133 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, 
JSBNb1)  облигацияларын төменде берілген шарттар бойынша (алматы 
уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:             купондық облигациялар  
                                     қамтамасыз етусіз      
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі:         KZ2C00004133           
KASE сауда-саттық коды:              JSBNb1                 
Номиналдық құны, теңге:              1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                
– тіркелген:                         40 000 000 000         
– орналастырылған:                   –                      
Айналыста болудың алғашқы күні:      облигацияларды         
                                     орналастыру бойынша    
                                     алғашқы аукцион        
                                     қорытындысы бойынша    
                                     анықталады             
Айналыста болудың соңғы күні:        кейінірек анықталады   
Өтеудің басталу күні                 кейінірек анықталады   
Айналыста мерзімі:                   7 жыл (2 520 күн)      
Купонды төлеу мерзімділігі           жылына 2 рет           
Купон мөлшерлемесі                   облигацияларды         
                                     орналастыру бойынша    
                                     алғашқы аукцион        
                                     қорытындысы бойынша    
                                     анықталады, жылына     
                                     10,5% артық емес       
Уақыттық базасы:                     30 / 360               
------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні:                   17.07.19               
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 20 000 000 000         
млн.теңге:                                                  
Лот көлемі, дана                     1                      
Сауда-саттық заты:                   купон мөлшерлемесі     
Сатуға өтінім түрлері:               шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                  жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:         11:30–13:00            
Өтінімдерді растау уақыты:           11:30–13:30            
Кесім уақыты:                        15:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                        17.07.19, 15:00        
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:          бағалары кесімді бағаға
                                     тең немесе одан жоғары,
                                     өтінімдер кесімделеді  
Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:   Биржа қарсылама        
                                     өтінімдер қабылдаған   
                                     уақыт бойынша кесімдеу 
                                     бағасымен              
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:     "Тұрғын үй құрылыс     
                                     жинақ банкі" АҚ        
Сауда-саттық жүйесі секторы          Debts_List_ST1         
Сауда-саттық жүйесі тобы             Bonds_ST1_M            
------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер 
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере 
алады.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Республикалық дәрежедегі қаланың, астананың жергілікті биліктің атқарушы 
органымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару 
ережелері http://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf мекен-жайында жарияланған.

Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні 
http://kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/bonds/show/JSBNb1/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-07-12]