16 тамыздан бастапп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1901718335 облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 16.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2019 жылдың 16 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің XS1901718335 (525,0 млн евро, 09.11.18 – 09.11.28; 
жарты жылдық купон, жылдық 5,125 %; 30/360) облигациялары KASE 
ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді.

Аталмыш облигацияларға KZ_10_2811 қысқартылған белгісі (сауда-саттық 
код) берілді.

Бұл облигациялар мемлекеттік және үкімет бағдарламаларын жүзеге асыру 
шегінде тұрғын үйі құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы 
уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады.

[2019-08-16]