"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 09 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 11.10.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 09 
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C33870011 жай акцияларының жалпы саны 25 000 000 000 
  дана;

- банктің 13 447 544 782 жай акциялары орналастырылған;

- банк өзінің 1 693 495 385 акциялары кері сатып алды;

- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан 
  аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
                                                 Жай акциялар,                 
                                 -----------------------------          Банктің
                                                                орналастырылған
                                                  осы атаудағы     акцияларының
                                               орналастырылған  жалпы санындағы
                                              акцияларды жалпы         үлесінің
Атауы                                  дана санындағы үлесі, %       барлығы, %
-------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
"АЛМЭКС" ХОЛДИНГІЛІК ТОБЫ"
АҚ                            7 583 538 228              64,52            56,39
"The Bank of New York"    
(номиналды ұстаушы)           3 085 674 440              26,25            22,95
"Бірыңғай жинақтаушы      
зейнетақы қоры" АҚ              718 054 740               6,11             5,34
-------------------------------------------------------------------------------

[2019-10-11]