11 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына (F_USDKZT191118) апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды
/KASE, 11.11.19/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2019 жылдың 11 
қарашасынан бастап орындалуы 2019 жылдың 18 қарашасында АҚШ 
долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды.

KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшартқа қысқартылған 
белгісі (сауда-саттық коды) F_USDKZT191118 берілген.

Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 
жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ 
долларына 389,07 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде 
жарияланған.

Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2019 жылдың 15 қарашасы 
болып табылады.

Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері 
Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық 
бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін 
өткізіледі

Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE 
деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың 
тізімі KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша 
жарияланды.

Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері 
http://www.kase.kz/kz/fut мекен-жайында жарияланады.

KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі 
құжаттарының мәтіндері http://www.kase.kz/kz/rules_kase мекен-жайында 
("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.

[2019-11-11]