"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) KZPC7Y10B193 (KZ2C00000362, HSBKb10) облигациялары бойынша 13-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,00 % құрады

02.11.11 14:53
/KASE, 02.11.11/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC7Y10B193 облигациялары бойынша (KZ2C00000362, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, HSBKb10; 10 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 02.11.05 – 02.11.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) он үшінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 02 қарашасына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,60 % пайызды құраған. [2011-11-02]