EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдік) компаниясы Frontier Sprl еншілес ұйымынан Конго Демократиялық Республикасында пайдалы қазбаларды шығаруға жаңа лицензия алғаны туралы хабарлады

14.08.12 12:28
/KASE, 14.08.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон) компаниясы, биржаға жолдаған 2012 жылдың 31 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: Бүгін Eurasian Natural Resources Corporation PLC ("ENRC" немесе еншілес компаниямен бірге – "Топ") компаниясы Конго Демократиялық Республикасының үкіметі ("КДР") ENRC компаниясының еншілес ұйымы – Frontier Sprl ("Фронтьер") компаниясына 101,5 млн АҚШ долларына Фронтьер кенішінің пайдалы қазбаларын шығаруға жаңа лицензия беру туралы шешім қабылдады деп жариялайды. Фронтьер кенішін шығаруға берілген жаңа лицензия, джуырдағы уақытта ресми түрде рәсімделіп, Frontier өңдеу зауытына арналғаншикізетпен қамтамасыз етеді. Фронтьер КДР Сакания қаласының маңайында, ENRC меншігіндегі Chambishi электролиз зауытынан 70 шақырым жерде орналасқан. 2009 жылдың 31 желтоқсанына FQM компаниясы Фронтьер лицензиялыұқ жер телімінде көлемі 264 млн. тонна 1,17% мыс құрамды жалпы қордың бар болуы туралы көпшілікке жариялады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында адресу http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_310712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-08-14]