"Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ оңтүстік қазақстан облысындағы гидроэлектростанцияға арнап жабдық сатып алуды 750 млн теңгеден асатын сомаға қаржыландырғаны туралы хабарлады

26.03.18 11:57
/KASE, 26.03.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы), баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк «Келесгидрострой» компаниясын қаржыландырды, компания бірегей болып табылатын, қуаттылығы 4,5 МВТ болатын «Дархан» кіші гидроэлектрстанциясын ОҚО-ның Сарыағаш ауданында соғуда. Келісім бойынша кредиттік желі сомасы 756,5 млн. теңгені құрайды. Қаражат Германиядан жабдық сатып алуға жұмсалатын болады. «Энергетика – мемлекеттің әлеуметтік, саяси және іскери саласына әсер ететін негізгі экономилақ сегмент болып табылады, энергетиканы дамыту және оны модернизациялау стратегиялық тұрғыдан маңызды», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. - «Бұл жоба Қазақстанның экономикалық даму бағытына толық сәйкес келеді. «Дархан» КГЭС энергиялық тиімділігімен және экологияға зиянсыз өндірісімен ерекшеленеді. Мұндай жобаларға қолдау көрсету Сбербанктің басым бағыттарының бірі, сондықтан біз «Келесгидрострой» компаниясын серіктестеріміздің қатарынан көруге қуаныштымыз». Мәміле «Бизнестің жол картасы 2020» бизнеске қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидияланады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында «ДАМУ» КДҚ 180 млн. теңге сомасына кепілдік ұсынды. «Дархан» Кіші ГЭС-ның іске қосылуы Сарыағаш ауданындағы электрэнергия жеткіліксіздігін 20%-ға және жалпы ОҚО -дағы жеткіліксіздікті 10%-ға қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жоба біздің компаниямыздың үшінші жеке КГЭС болып табылады. Біздің жобамызға тиімді қолдау көрсеткені үшін Сбербанкке алғысымызды айтамыз», - деді «Келесгидрострой» ЖШС-нің директоры Жакипбек Тажибекович Рысжанов. цитата соңы [2018-03-26]