"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ KZ2D00006913 (SBERb12) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
20.10.20 10:09
/KASE, 20.10.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2020 жылдың 19 қазанында "Сбербанк России" Еншілес
Банкі АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2D00006913 (1 теңге, 50,0 млрд теңге; 3 жыл,
жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады,
30/360); облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының
"облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті.
Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы
қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2020 жылдың
13 мамырында тіркеген, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ үшінші
облигациялық бағдарламасы аясында 500,0 млрд теңгеге бірінші болып
табылады.
Аталмыш акцияларға тиісінше SBERb12 қысқартылған белгілері берілді.
Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2020-10-20]