АНОНС: 06 наурызда KASE "Ring the Bell for Gender Equality" сауда- саттықтың ашылу рәсімін және "Invest in Women: Accelerate Progress" пікірталасын өткізеді

04.03.24 14:21
/KASE, 04.03.24/ – 2024 жылдың 06 наурызында Қазақстан қор биржасы (KASE) халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" бастамасы – Sustainable Stock Exchanges Initiative (UN SSE бастамасы) шеңберінде жыл сайынғы "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімін өткізеді. Іс-шара барысында инвестициялар саласындағы атақты сарапшылар мен ірі қаржы ұйымдарының басшыларының қатысуымен "Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбында пікірталас өткізіледі, олар әйелдер кәсіпкерлігін инвестициялау және "жасыл" қаржыландыру контекстінде гендерлік инклюзивтілік тақырыптарын талқылайды. KASE UN SSE бастамасына 2015 жылы қосылды. 2023 жылы Ring the Bell for Gender Equality іс-шараларына әлемнің 117 елінен 123 биржа қатысты. [2024-03-04]