KASE IFC-мен бірлесіп жыл сайынғы "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттығының салтанатты ашылу рәсімін және "Invest in Women: Accelerate Progress" пікірталасын өткізді

06.03.24 17:23
/KASE, 06.03.24/ – Бүгін Қазақстандық қор биржасы (KASE) халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп жыл сайынғы "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді, оның шеңберінде "Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбында пікірталас өтті. Ring The Bell for Gender Equality сауда саттығының ашылу рәсімін тұрақты даму саясаты мен ESG қағидаттары контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға арналған. "Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбындағы пікірталас инвестициялар саласындағы сарапшылар мен ірі қаржы ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті, олар әйелдер кәсіпкерлігін инвестициялау және "жасыл" қаржыландыру контекстінде гендерлік инклюзивтілік тақырыптарын талқылады. KASE бұл рәсімді БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасына KASE 2015 жылы қосылғаннан бері іске асыру шеңберінде жетінші рет өткізуде. Бұл акцияны бүкіл әлем бойынша дәстүрлі түрде UN Women, халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" ұйымы және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы қолдайды. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 100 ден астам биржалар UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған сауда саттықтың ашылу рәсімін өткізеді. Осы іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/ring_the_bell_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/ring_the_bell_ru.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/ring_the_bell_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-03-06]