KASE 2024 жылдың ақпан айындағы биржалық нарықтың жұмысын қорытындылады

14.03.24 09:20
/KASE, 14.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылғы ақпандағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы ақпанда 30,9 трлн теңгені құрады және қаңтарға қатысты 14,1 %-ға немесе 5,1 трлн теңгеге төмендеді. - Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 12,8 %-ға өсіп, 4 803,18 тармақты құрады. - Ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 6,7 %-ға 28,3 трлн теңгеге дейін, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,9 %-ға 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. - Ақпан айында үш жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары листинг процедурасынан өтті. - 2024 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 245 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының 674 атауы болды. Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша, репо және валюталық своп операциялары нарықтарының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/Kase_itogi_02_24_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/Kase_itogi_02_24_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/Kase_itogi_02_24_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-03-14]