01 СӘУІРДЕН БАСТАП KASE ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МБҚ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУДІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ

29.03.24 09:54
/KASE, 29.03.24/ – 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығының келесі индекстерін есептеуді және жариялауды бастайды: 1) KZGB_CPm1m (more than one month) – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алынбаған бағалар бойынша есептелетін, өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының баға индексі; 2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күн және одан жоғары МБҚ жиынтық табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып); 3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен; 4) индекстің ұзақтығы, жылдармен; 5) индекстің өзгертілген ұзақтығы. KZGB_СPm1m индексінің бастапқы мәні 1 000,00 теңге мөлшерінде, KZGB_Dm1m индексінің бастапқы мәні жинақталған және төленбеген сыйақының (теңгемен) орташа мәнін қоса отырып, 1 000,00 теңге мөлшерінде тіркелген. Индекстердің мәндері күніне бір рет Астана қаласы уақытының 11:30-да есептеледі және KASE интернет-ресурсында "Индикаторлар" ("қор нарығы") бөлімдерінде жарияланады – https://kase.kz/kz/stock_market / және "Нарықтар" ("мемлекеттік бағалы қағаздар") – https://kase.kz/kz/gsecs/ Көрсетілген индекстерді есептеуге арналған өкілдік тізім 2024 жылдың 29 наурызында таңертең МБҚ параметрлері бойынша қалыптастырылды және 2024 жылдың 01 сәуірінде мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/kz/stock_market/KZGB/KZGB_CPm1m/ KASE-нің "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" ішкі құжатына тиісті түзетулер енгізілді, олар 2024 жылдың 01 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі. [2024-03-29]