30 сәуірде "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

29.03.24 10:48
/KASE, 29.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылдың 30 сәуірінде сағат 15:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатынын хабарлады: - компанияның 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2023 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібі және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы. Жиналысқа қатысты толық ақпарат келесі сілтемелер бойынша орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_meeting_info_280324_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_meeting_info_280324_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-03-29]