16 мамырдан бастап KASE-де Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671 (EABRb15) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

15.05.24 14:48
/KASE, 15.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 мамырынан бастап KASE-де Еуразиялық даму банкінің KZ2D00007671 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb15; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 14.05.24-06.11.24; actual/365) дисконттық облигацияларымен сауда- саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы- қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/bonds/show/EABRb15/ [2024-05-15]