"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00003051 (EUBNb14) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
25.02.25 09:34
/KASE, 25.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
25 ақпанынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00003051 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb14; 100 теңге, 18,0 млрд теңге;
25.02.15 – 25.02.25; жартыжылдық купон, жылдық 9,00%; 30/360)
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап "Өзге борыштық
бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді,
2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының
"облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың
25 мамырынан бастап ашылды.
[2025-02-25]