/KASE, 27.02.25/ – 2025 жылдың 03 наурызынан бастап KZGB_CPm1m және
KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім 60 атаудағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарынан (МБҚ) тұратын болады
(тізімге MUM120_0020, KZKD00001269 кіреді).
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді
есептейді және жариялайды:
1) KZGB_CPm1m (more than one month) – сатып алынған және төленбеген
купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін
өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының
баға индексі;
2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық кірісінің
баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып);
3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;
4) индекстің дюрациясы, жылдармен;
5) түрлендірілген индекстің дюрациясы.
2025 жылдың наурызынаа көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім
2025 жылдың 26 ақпанындағы кешке МБҚ параметрлері бойынша
қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын).
Өкілдік тізім 2025 жылдың 03 наурызында мына бетте жарияланады
https://kase.kz/ru/stock_market/ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m
бөлімі).
[2025-02-27]