04 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ KZ000A1CTMD1 (AZNO) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
04.03.25 14:43
/KASE, 04.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
04 наурызынан бастап "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ (Ақтөбе)
KZ000A1CTMD1 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, AZNO) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес "Ақтөбе мұнай
жабдығы зауыты" АҚ акционерлерге өздеріне тиесілі аталған акцияларды өз
бетінше немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтығында қоғамның дауыс
беретін акцияларының 95 және одан да көп пайызы тиесілі болған тұлғаға
сату туралы алға қойылған талап туралы KASE хабарламасын алуына
байланысты тоқтатылды.
[2025-03-04]