11 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасынжа "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00013535 (ORBSb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

07.03.25 15:00
/KASE, 07.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 наурызынан бастап "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00013535 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, ORBSb4; 1 000 теңге, 400,0 млн теңге; 04.03.25-04.03.26; ай сайынғы купон; жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/ORBSb4/ [2025-03-07]