13 наурыздан бастап үш атаудағы бағалы қағаздар Т+ Қамтамасыз ету тізімінен шығарылатын болады

11.03.25 11:50
/KASE, 11.03.25/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 13 наурызынан бастап жартылай қамтамасыз етумен жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) мынадай бағалы қағаздар алып тасталады: 1) Австрия Республикасының AT0000A2HLC4 облигациялары ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AT_01_2006); 2) ALPHABET INC. US02079K1079 жай акциялары ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ); 3) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF US78468R6633 ETF бағалы қағаздары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_). Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған. [2025-03-11]