/KASE, 13.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 наурызында
"Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу
өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "2024 жылдағы өндірістік және қаржылық нәтижелерге шолу".
Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 11:00.
Іс-шараның спикерлері:
- Әміржан Оспанов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі
орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі;
- Алмас Оңғарсынов, бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі
орынбасары,"ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма мүшесі.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет
https://us06web.zoom.us/meeting/register/23YvqH74Toq9NoAD4mFq-w#/registration
[2025-03-13]