"BASS Gold" ЖШС KZ2P00013592 (FPSTb6) облигациялары балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE листинг процедурасынан өтті

14.03.25 09:58
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 наурызында "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00013592 ($100, $3,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға FPSTb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2025-03-14]