14 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00011880 (INBNb16) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды
14.03.25 11:05
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
14 наурызынан бастап "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) KZ2C00011880 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb16) облигацияларының KASE-
де сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес жалғыз
ұстаушының көрсетілген облигациялардың шығарылым аңдатпасына
енгілген өзгертулерді және (немесе) толықтыруларды бекіту туралы
шешіміне байланысты тоқтатылды.
[2025-03-14]