"Эйр Астана" АҚ акциялар мен ЖДҚ кері сатып алу бағдарламасының қайта басталғаны туралы хабарлайды

14.03.25 15:34
/KASE, 14.03.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөдің басы 14 наурыз 2025 г. "Эйр Астана" АҚ ("Компания" және FlyArystan еншілес компаниясымен бірге – "Топ") 2025 жылғы 13 наурызда Компанияның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес, Компанияның жай акцияларын ("Акциялар") және акцияларды білдіретін Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ("ЖДҚ") кері сатып алу бағдарламасын қайта бастайтынын хабарлайды. Бұрынғыдай, Бағдарламаның мақсаты Компанияның ұзақ мерзімді қызметкерлерді ынталандыру бағдарламалары бойынша міндеттемелерін орындау болып табылады. Келесі екі жыл ішінде Компания 1 706 408 акцияға дейін (Акциялар және/немесе ЖДҚ түрінде) сатып алуды жоспарлап отыр, бұл қазіргі уақытта Компания орналастырған жалпы Акциялар санының шамамен 0,7%-ын құрайды (оның ішінде 2024 жылы кері сатып алынған және жоспарға сәйкес қызметкерлерге үлестірілген акциялар, сондай-ақ ЖДҚ білдірген акциялар). Осы мақсатта жұмсалатын қаражаттың жалпы сомасы қосалқы шығындарды қоса алғанда, 5 миллион АҚШ долларынан аспайды. Бағдарламаның осы кезеңі 2025 жылғы 14 наурызда басталып, 2027 жылғы ақпаннан кешіктірілмей аяқталады. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__140325_1kz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_140325_1_rs.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__140325_1en.pdf [2025-03-14]