/KASE, 14.03.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) KASE-ге былай
деп хабарлады:
дәйексөздің басы
14 наурыз 2025 ж.
Air Astana тобы ("Компания" және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен
бірге "Топ"), кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия мен
Кавказ өңірлеріндегі ең ірі әуе компаниялар тобы, 2024 жылдың 31
желтоқсанында аяқталған қаржы жылы үшін бір жай акцияға 17,7 теңге (төрт
акциядан тұратын бір ЖДҚ-ға 70,9 теңге) мөлшерінде қарапайым дивиденд
төлеуді Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына ұсынғанын
хабарлайды. Жалпы төлем сомасы 6,3 миллиард теңгені құрайды, бұл IPO
барысында белгіленген орта мерзімді болжамнан бұрын жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Топтың 2024 жылғы қаржылық нәтижелерінің жоғары
көрсеткіштері мен тұрақты қаржылық жағдайын ескере отырып,
Директорлар кеңесі бір жай акцияға 36,0 теңге (бір ЖДҚ-ға 143,9 теңге)
мөлшерінде арнайы дивиденд төлеуді ұсынды. Жалпы дивиденд сомасы
12,8 миллиард теңгені құрайды.
Ұсынылған жалпы дивидендтің (қарапайым және арнайы дивидендтер)
мөлшері бір жай акцияға 53,7 теңгені және бір ЖДҚ-ға 214,8 теңгені
құрайды. Бұл төлем 2025 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей Акционерлердің
жылдық жалпы жиналысында бекітілсе, 2025 жылдың ортасында төленеді.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__140325_2kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_140325_2_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__140325_2en.pdf
[2025-03-14]