KASE биржалық нарықтың 2025 жылғы ақпандағы жұмысын қорытындылады

14.03.25 16:30
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың ақпанындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылдың ақпанында 28,4 трлн теңгені құрады және 2025 жылд қаңтарға қатысты 0,8 %-ға немесе 226,7 млрд теңгеге төмендеді. - Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 0,4 %-ға төмендеп, 5 620,34 тармақты құрады. - Ақпан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 0,2 %-ға 32,0 трлн теңгеге дейін, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі – 2,9 %-ға 13,6 трлн теңгеге дейін төмендеді. - Ақпан айында төрт жаңа эмитенттің корпоративтік облигацияларының төрт шығарылымы листинг процедурасынан өтті. - 2025 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 262 эмитенттің 764 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE пресс-релизінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі– https://kase.kz/files/press/kz/14_03_2025_itogi_feb_kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/ru/14_03_2025_itogi_feb_ru.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – https://kase.kz/files/press/en/14_03_2025_itogi_feb_eng.pdf [2025-03-14]