/KASE, 14.03.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай
деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған
түсім көлемі 311 млрд 900,1 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың
көрсеткішінен 7,4% жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша
"ҚазТрансОйл" АҚ таза пайдасы 41 млрд 577,97 млн теңгені құрады, бұл
2023 жылдың нәтижесінен 26,6% жоғары.
Сонымен бірге, 2024 жылға "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жеке түсімі 258 млрд
660,6 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштен 7,3% жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жеке таза
пайдасы 39 млрд 781,2 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен
салыстырғанда 120,5% жоғары.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы:
- Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы–
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_140325_kz.pdf
- Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_140325_1.pdf
- Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_140325_en.pdf
[2025-03-14]