KASE Басқармасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3030338159 (EBRDe28) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді
14.03.25 17:53
/KASE, 14.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың
14 наурызындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің шығаруға
жоспарланған XS3030338159 халықаралық облигацияларын "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына KASE ресми тізімін енгізуге
келісім берілді.
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға EBRde28 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2025-03-14]