/KASE, 17.03.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 наурызында "BASS Gold" ЖШС
(Ұлытау облысы) KZ2P00013592 (FPSTb6; $100, $ 3,0 млн; 360 күн;
жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларын баламалы
алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 17 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb6
[2025-03-17]