KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00013522 (AGKKpp8) және KZ2C00013639 (AGKKpp9) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

17.03.25 16:39
/KASE, 17.03.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 17 наурызында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00013522 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 1 жыл 3 ай; жарты жылдық купон, жылдық 15,50 %; 30/360), сауда-сатық коды – AGKKpp8; - KZ2C00013639 (1 000 теңге, 50,1 млрд теңге; 1 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 15,50 %; 30/360), сауда-саттық коды – AGKKpp9. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2025-03-17]