18 наурызға жоспарланған Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3030338159 (EBRDe28) халықаралық облигацияларына жазылу тоқтатылды
17.03.25 18:07
/KASE, 17.03.25/ – Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3030338159
(EBRDe28) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы
орналастыруды жүргізудің бастамашысы болып табылатын "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ 2025 жылдың 18 наурызына
жоспарланған жазылымның күшін жою туралы Қазақстан қор биржасын
(KASE) хабардар етті.
[2025-03-17]