Азия даму банкінің XS2590132242 (ASDBe14) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
18.03.25 10:13
/KASE, 18.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
18 наурызынан бастап Азия Даму Банкінің XS2590132242 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe14; 17 978 448 000
теңге; 09.03.23 – 18.03.25, жартыжылдық купон, жылдық 15,88%; 30/360)
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 03 наурызынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 15 наурызынан бастап
ашылды.
[2025-03-18]