Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899 (EABRb48) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
18.03.25 10:17
/KASE, 18.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
18 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb48;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 19.03.24 – 18.03.25; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 17 қаңтарынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 наурызынан бастап
ашылды.
[2025-03-18]