/KASE, 18.03.25/ – "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (KASE тикері – RAHT) 2025 жылдың
30 сәуірінде сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің жылдық жалпы
жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы;
2) жылдық жалпы жиналыстың есеп комиссиясының құрамы туралы;
3) қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы;
4) қоғамның 2024 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық
есептілігін бекіту туралы;
5) қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы;
6) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының
әрекеттеріне өтініштері және оларды 2024 жылы қарау қорытындылары
туралы.
Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_info_300425_758.pdf
[2025-03-18]