19 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "BASS Gold" ЖШС KZ2P00013592 (FPSTb6) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

18.03.25 16:44
/KASE, 18.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 19 наурызынан бастап "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау обл.) KZ2P00013592 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb6; $100, $3,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb6 [2025-03-18]