19 наурыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00013548 (FIVEb6) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
18.03.25 18:26
/KASE, 18.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
19 наурызынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы)
KZ2C00013548 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, FIVEb6; 100 теңге, 300,0 млн теңге; 13.03.25 –
13.03.26; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) ""таза" бағамен сауда
режиміне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
[2025-03-18]