/KASE, 19.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
20 наурызынан бастап Азия даму банкінің XS3015676425 ("халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe20; 17 379 167 000
теңге; 17.03.25-18.03.30; жартыжылдық купон, жылдық 15,35 %; 30/360)
халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын
хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe20
[2025-03-19]