/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 26 және 28 наурыздан бастап бес шетелдік эмитенттің ETF "KASE Global" секторына ауыстырылады және олардың сауда кодтары өзгертіледі

20.03.25 11:25
/KASE, 20.03.25, ETF ауыстыру күні өзгертілді / – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 26 наурызынан бастап "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторынан KASE ресмитізімінің "KASE Global" секторына мынадай ETF аударылатын болады: - US46137V1420 (US_PHO_) Invesco Water Resources ETF, сауда-саттық коды PHO_KZ болып өзгертіледі; - US4642882249 (US_ICLN) iShares Global Clean Energy ETF, сауда-саттық коды ICLN_KZ болып өзгертіледі; - US78463V1070 (US_GLD_) SPDR Gold Shares ETF, сауда-саттық коды GLD_KZ болып өзгертіледі. KASE Басқармасының осы шешімімен 2025 жылдың 28 наурызынан бастап "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторынан KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына мынадай ETF аударылатын болады: - US78462F1030 (US_SPY_) SPDR S&P 500 ETF TRUST, сауда-саттық коды SPY_KZ болып өзгертіледі; - US78468R6633 (US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, сауда-саттық коды BIL_KZ болып өзгертіледі. [2025-03-20]