26 наурыздан бастап "ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00008220 (THLZb5) және KZ2P00008238 (THLZb6) облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
20.03.25 16:52
/KASE, 20.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының 2025 жылдың 20 наурызындағы шешімімен KASE ресми
тізімінен "ТехноЛизинг" ЖШС (Астана) келесі облигациялары алынып
тасталды:
- KZ2P00008220 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb5;
1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 2 жыл; тоқсандық купон, алғашқы өткізілген
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360);
- KZ2P00008238 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, THLZb6;
1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3,5 жыл; тоқсандық купон, алғашқы өткізілген
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады;30/360).
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 26 наурызынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "ТехноЛизинг" ЖШС-нің KASE ресми тізімінен көрсетілген
облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап баламалы
алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
Олармен сауда-саттық ашық болған жоқ.
[2025-03-20]