/KASE, 26.03.25/ – "ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания")
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес
дайындалған 2024 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен
тәуелсіз аудитордың есебін жариялайды.
2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдағы* негізгі қаржылық
көрсеткіштер:
- Түсім 8 330 млрд теңге (17 750 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш
8 320 млрд теңге (18 236 млн АҚШ долл.) болды;
- EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңге (4 264 млн АҚШ долл.), 2023 жылы
бұл көрсеткіш 2 007 млрд теңге (4 398 млн АҚШ долл.) болды;
- Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайдадағы үлес есебімен, Компанияның таза пайдасы 1 094 млрд теңге (2
332 млн АҚШ долл.), 2023 жылы бұл көрсеткіш 927 млрд теңге (2 031 млн
АҚШ долл.) болды;
- Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайдадағы үлесіне** түзетілген таза пайда 1 264 млрд теңге (2 694 млн
АҚШ долл.), бұл көрсеткіш 2023 жылы 1 012 млрд теңге (2 219 млн АҚШ
долл.) болды;
- Еркін ақша ағыны 1 199 млрд теңге (2 555 млн АҚШ долл.), 2023 жылы
бұл көрсеткіш 984 млрд теңге (2 157 млн АҚШ долл.) болды;
- Жалпы борыш 2024 жылғы 31 желтоқсанда 3 967 млрд теңге (7 555 млн
АҚШ долл.), 2023 жылғы 31 желтоқсанда 3 757 млрд теңге (8 265 млн
АҚШ долл.) болды;
- Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсанда 1 163 млрд теңге
(2 214 млн АҚШ долл.), 2023 жылғы 31 желтоқсанда 1 645 млрд теңге
(3 620 млн АҚШ долл.) болды;
* Қолайлы болуы үшін сома тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша
АҚШ долларымен көрсетілген (2024 және 2023 жылдардағы орташа бағам
сәйкесінше 469,31 және 456,21 теңге/АҚШ доллары; кезең соңындағы бағам –
2024 жылғы 31 желтоқсанда және 2023 жылғы 31 желтоқсанда 525,11 және
454,56 теңге/АҚШ доллар).
* * Бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайдадағы үлеске түзетілген таза пайда = Бірлескен кәсіпорындар мен
қауымдасқан компаниялардан алынған таза пайда + дивиденд минус
бірлескен бақылаудағы кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы
пайдадағы үлес.
Цитатаның соңы
Орыс тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме
бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_200325_1.pdf
Ағылшын тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме
бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_200325_en.pdf
[2025-03-26]