26 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co.
US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
26.03.25 12:29
/KASE, 26.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
26 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 04 сәуірiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
JPMorgan Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы,
JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 04 сәуірiнде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 07 сәуірiнен
бастап қайта басталады.
[2025-03-26]