27 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ)
Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
26.03.25 15:05
/KASE, 26.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 27
наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2025 жылдың 31 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы,
MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 31 наурызында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 02 сәуірiнен
бастап қайта басталады.
[2025-03-26]