27 наурыздан бастап "BASS Gold” ЖШС-ның KZ2P00013592 (FPSTb6) облигациялары "таза" бағасымен сауда-саттық жасау режіміне көшіріледі
26.03.25 17:12
/KASE, 26.03.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 27 наурыздан
бастап "BASS Gold” ЖШС-ның (Ұлытау облысы) KZ2P00013592 (KASE
балама алаңы, "коммерциялық облигациялар” санаты, FPSTb6; $100,
$3,0 млн; 20.03.25 – 20.03.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360)
облигациялары "таза" бағасымен сауда-саттық жасау режіміне көшіріледі.
Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын
белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза”
бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – АҚШ доллары.
[2025-03-26]