/KASE, 27.03.25/ – “Қазақстан Халық Банкі” АҚ (KASE тикері – HSBK)
төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
2025 жылғы 27 наурыз
“Қазақстан Халық Банкі” акционерлік қоғамы мен оның еншілес ұйымдары
(бұдан әрі - Банк) (Лондон қор биржасындағы (LSE) тикері: HSBK, Қазақстан
қор биржасындағы (KASE) тикері: HSBK және HSBKd, АХҚО биржасындағы
(AIX) тикері: HSBK и HSBK.Y) 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл
үшін шоғырландырылған қаржылық есептілігі мен тәуелсіз аудиторлардың
аудиторлық қорытындысын жариялайды.
...
Жай акциялар бойынша 2024 жылғы 12 айдағы таза пайда кредиттеу мен
транзакциялық бизнестің едәуір ұлғаюының арқасында жылына 32,8%-ға
ұлғайды.
2024 жылдың 12 айындағы пайыздық кіріс 2023 жылғы 12 аймен
салыстырғанда 30,0%-ға артты, ол негізінен орташа мөлшерлеменің және
клиенттерге берілген қарыздар теңгерімінің өсуі есебінен ұлғайды.
2024 жылдың 12 айындағы пайыздық шығыс 2023 жылғы 12 аймен
салыстырғанда 21,8%-ға ұлғайды, оған негізінен клиенттердің қаражаты
бойынша орташа мөлшерлеменің өсуі, клиенттердің теңгедегі қаражаты
үлесінің және жиынтық міндеттемелердегі депозиттер үлесінің өсуі себеп
болды.
Цитатаның соңы
Орыс тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме
бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_270325_1.pdf
Ағылшын тіліндегі Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме
бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__270325_en.pdf
[2025-03-27]